Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сызғыш лақтырғанмын": Ләйлә Сұлтанқызы мектеп кезіндегі қызықтарын айтты

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мектеп кезіндегі суреттерін жариялап, басынан өткен қызықты оқиғасын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

БАҚ өкілі мұрағаттық фотоларды Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Белгілі тележүргізуші аса белсенді оқушы болғанын жасырмады. Ол мектеп кезінде тіпті кейде мұғалімнің міндетін атқарғанын айтты.

Сонымен қатар Сұлтанқызы басынан өткен қызықты оқиғаны да баяндады. Ол тәртіпке бағынбаған сыныптасының маңдайын жырып, терезені сындырып алғанын еске алды.

"Ұстаздар күні мектеп кезіндегі небір қызықтар есіме түсуде. Мектеп кезінде мұғалімнің орынына кейде сыныпқа қалдырып кететін мені. Өзі активист, өзі үздік Ләйлә ондайда қатал еді. Бір күні сөз ұқпай, тентек болған бір сыныптасыма сызғыш лақтырғанмын. Ол сызғыш әлгі ұлдың маңдайын жырып, терезені де шағып кеткен. Сөйтіп, әкем келіп, терезені де жөндетті, баладан да кешірім сұрағаным бар", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2171055-mangdaiyn-zhyryp-terezeni-shaqtym-laila-sultanqyzy-mektep-kezindegi-qyzyqtaryn-aitty/