Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір рет бас тартты": Баян Мақсатқызы "ИК" тобына қандай ұсыныс жасағанын айтты

Жарияланған күні:

Баян Мақсатқызы мен Алдияр Жапарханов
Баян Мақсатқызы мен Алдияр Жапарханов: instagram.com/ bayanmaksatkyzy

Отандық продюсер Баян Мақсатқызы "Ирина Кайратовна" тобына KeshYou тобымен бірге ән айтуды ұсынған болып шықты. Алайда жігіттер бұл ұсыныстан бас тартқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында Баян Мақсатқызының өзі Instagram желісіндегі парақшасында айтты. Ол желі оқырмандарының алдында "ИК" тобынан тағы да ән жазуды өтінген.

"Ирина Кайратовна" тобынан фит жазуды сұрап тұрған сәтім... Бір рет бас тартты. Бірақ мен мойымаймын, таланттармен жұмыс істеу әрдайым қиын ғой, олармен келісу тіпті күрделі... "Ирина Кайратовна", ұялсаңыздаршы, өтінемін. Снуп Дог бір жыл ойланған, ал кейін оған ұнады. Біздің герлз-бенд сұлу әрі талантты қыздардан құралған ғой, әрдайым заман көшінде жүреміз. Үш күннен кейін хабарласамын", - деді ол.

Баян Мақсатқызы жазбаны "Ирина Кайратовна" тобының әнімен қорытындылады. Ал желі оқырмандары продюсерді қолдап, "ИК" тобын белгілей кетті.

Олар Баян Мақсатқызына бас тартпау қажет екенін алға тартып, жігіттерді KeshYou тобымен ән жазуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2171388-uialsangyzdarshy-baian-maqsatqyzy-irina-kairatovna-tobyna-qatysty-kutpegen-malimdeme-zhasad/