Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туған жерімде өрт болып жатыр": Мақпал Жүнісова қарағандылықтарға қолдау білдірді

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова Қарағанды облысындағы төтенше жағдайға қатысты пікір білдіріп, тілсіз жаумен арпалысып жатқан жерлестеріне қолдау білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Мақпал Жүнісова аталмыш жазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Әнші Қарағанды облысындағы өртің видеосын көріп, көңілі құлазып отырғанын айтты.

"Туған жерімізде өрт болып жатыр екен. Егіндібұла, Шөптікөл халқына Алла жар болсын. Марқұм болған бауырымыздың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын. Алла жәрдемші болсын, видеоны көріп, көңіл бұзылды", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік.

Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

7 қазанда, сағат 18:30-да ТЖМ өкілдері екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жеткенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2171449-tugan-zherimde-ort-bolyp-zhatyr-maqpal-zhunisova-qaragandylyqtarga-qoldau-bildirdi/