Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Арман Дүйсенов пен Абылай Арманұлы
Арман Дүйсенов пен Абылай Арманұлы. Фото: instagram.com/ zhunusova.makpal

Бүгін танымал сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды. Алматы полиция департаменті өкілдері берген мәліметке сай, Абылай Арманұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыдан бір жарым жыл бұрын көз жұмған сазгердің ұлы жайлы қаралы хабарды журналист Ләйлә Сұлтанқызы жеткізді. Көп ұзамай әнші Мақпал Жүнісова желіде жазба жариялап, Абылай Арманұлын әлдекімдер қастықпен өлтіргенін айтты.

"Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу, айналайын, Алла сабыр берсін. Кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды халық әртісі.

KAZ.NUR.KZ тілшісіне аталған жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

KAZ.NUR.KZ редакциясы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2171562-arman-duisenovting-ulynyng-olimine-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/