Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқашан өкінбеймін": Жахан Отарғалиев желіде жан сырын ақтарды (видео)

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Видеодан кадр: instagram.com/ zhahan_utargaliyev

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев желіде жан сырын ақтарып, кино салу үшін үйін сатқанына еш өкінбейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев көпшілік көкейінде жүрген сұраққа Instagram-дағы парақшасында жауап берді. Өнер иесі кино үшін үйін сатқанына еш өкінбейтінін жеткізді. Актер баспанасыз қалса да, өз арманын орындап, халықтың махаббатына бөленгенін айтты.

"Үйіңді сатып, кино түсіргеніңі өкінбейсің ба? Бұл ең көп қойылатын сұрақтардың бірі. Жоқ, мен ешқашан өкінбеймін. Себебі, мен үйімді сатып, киномды түсіріп, өз арманымды орындадым. Сіздердің маған сыйлаған эмоцияларыңыз үйден де қымбат болып тұр", - деп айтты Жахан Отарғалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Жахан Отарғалиев жеке өміріндегі жаңалықтарды жариялаған болатын. Некесі сәтсіз аяқталған актер бүгінде біреумен кездесуге барып жүргенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2171904-eshqashan-okinbeimin-zhahan-otargaliev-zhelide-zhan-syryn-aqtardy-video/