Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрібаевтар ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев дүниеден өтті

Жарияланған күні:

Ибрагим Дәрібаев
Ибрагим Дәрібаев. Фото: facebook.com/Бекжігіт Сердәлі

Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев өмірден өтті. Қаралы хабарды белгілі композитор Бекжігіт Сердәлі жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бекжігіт Сердәлі Ибрагим Дәрібаевтың қайтыс болғанын Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Композитор марқұмның келіншегі мен ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтты.

"Қазақ эстрадасында "Жас жұбайлар", "Аман бол", "Оқ сияқты", "Нұрлы арман", "Айтшы жаным", "Сендей болмайды", "Сүйгеніме" сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым. Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтамыз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2171934-anshi-ibragim-daribaev-omirden-otti/