Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұл баланың анасы атанғым келді": Баян Мақсатқызы орындалмай қалған арманы туралы айтты

Жарияланған күні:

Баян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы. Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy

Қазақстандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсын Алагөзов екеуі балалы болуды жоспарлағанда ұлды болғысы келгенін жасырмады. Алайда шоу-бизнес жұлдызының арманы орындалмай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Баян Алагөзова орындалмай қалған арманы туралы сырын қызы Айсәуле Бақытбекке берген сұқбатында ақтарды. Белгілі продюсер не себепті ұлды болуды қалағанын түсіндірді.

"Тұрсын екеуміздің қыздарымыз бар. Бірінші некесіндегі қызын да өте қатты жақсы көреді. Мен де сендерді шексіз сүйемін. Менің дәрігер Салтанатқа барғандағы мақсатым – ұл баланың анасы болу еді. Ұл балаға қарау, ұл баланың анасы атану сезімін басымнан өткеріп көргім келді. Мұның ұрпақ жалғастыру, жеті атасын толықтыру деген нәрселерге қатысы жоқ. Өміріме өзгеріс енгенін қаладым. Түсік тастағанда ұрықтың ұл екенін білдік. Өзімнің көңіл-күйім түсіп кетті. Бірақ Тұрсен "Неге қыз баланы өмірге әкелмеске" деді. "Қыздарың бар ғой, ұлға ниеттенейік" дедім. Ол "Мен қыздарымды жақсы көремін, қарашы, қандай сұлу қыздарымыз бар" деді. Содан кейін ойым өзгерді", - Баян Мақсатқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова алғаш рет екі қызының дүниеге келуіне қатысты құпиясын айтқан болатын. Продюсер суррогат ананың көмегіне жүгінгенін растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2172997-ul-balanyng-anasy-atangym-keldi-baian-maqsatqyzy-oryndalmai-qalgan-armany-turaly-aitty/