Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Композитор Қалдыбек Құрманәлі жүрек талмасы ұстап, ауруханаға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Қалдыбек Құрманәлі
Қалдыбек Құрманәлі. Видеодан кадр: "Қасқа жол" бағдарламасы

Қазақстандық танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті. Бұл туралы белгілі заңгер Ләззат Ахатова хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләззат Ахатова композитордың жүрек талмасына ұшырап, ауруханаға түскенін Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Сонымен қатар заңгер Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәлінің ісіне қатысты пікір білдірді.

"Әнару Құрманәлінің ісі не болды, жабылып қалмады ма, жазбай қойды, деп жатыр екен. Жанқош Тұраровқа қатысты іс аяқталған жоқ. Тергеуде. Дәл қазір әріптестермен бірге шағым жазып жатырмыз. Сараптама қорытындысы шықты.

Қыздың әкесі Қалдыбек аға жүрек талмасы ұстап, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргем, соңында суық өкпеме өтіп кетіп, Шымкетте емханадамын. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек", - деп жазды Ахатова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2173191-kompozitor-qaldybek-qurmanali-zhurek-talmasymen-auruhanaga-tusip-qaldy/