Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз жігіт": тележүргізуші Динара Сәтжан сүйінші жаңалығын бөлісті

Жарияланған күні:

Динара Сәтжанның ұлы Даниал
Динара Сәтжанның ұлы әскерден келді. Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде сүйінші жаңалығымен бөлісіп, ұлының әскерден оралған сәтінің видеосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тележурналистің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

"Бүгін түстен кейін біз Даниалды алып кету үшін әскери бөлімге баруымыз керек еді, бірақ ол таңертең тосын сый жасап, үйге келді", - деп жазды Динара Сәтжан.

Ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімінде борышын өтеді.

Желі қолданушылары тележүргізушіні құттықтап, әскердегі әр азаматтың үйіне аман оралуын тілеп, пікір қалдырды.

"Нағыз жігіт болыпты", "Бір жылап алдық", "Аман-есен оралғаны үшін Аллаға сансыз шүкір. Анасының мақтанышы мен үміті", "Аман-есен шаңырағыңа оралуыңмен құлыншақ, әр ана баласын құшағына алып қуана берсін", "Әскерге барып, өсіп кетіпті",- деп жылы лебіздерін жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2173594-nagyz-zhigit-telezhurgizushi-dinara-satzhan-suiinshi-zhangalygyn-bolisti/