Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана Опера" театрында опера сахнасы жарық жұлдызының мерейтойлық кеші өтті

Жарияланған күні:

Майра Мұхаммедқызы
Майра Мұхаммедқызы. Фото: Астана опера

Қазақстанның ең жарқын әрі ең беделді опера әншілерінің бірі Майра Мұхамедқызы сахнадағы 30 жылдық мерейтойын керемет концертпен атап өтті. Концерт Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті. Құрметті қонақтардың қатарында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева болды.

Майра Мұхамедқызы көрермендерге әлемдік және ұлттық репертуардағы туындылардан тұратын бірегей бағдарлама ұсынды. Опера саңлағының орындауында Рихард Штраус, Ференц Лист, Петр Ильич Чайковский сынды ұлы композиторлардың операларынан ариялар, сондай-ақ концертке ерекше ұлттық бояу берген қазақ авторларының шығармалары шырқалды. Дирижерлер Абзал Мұхитдин және Мәди Өмірзақтың жетекшілігіндегі "Астана Опера" симфониялық оркестрінің және хорының сүйемелдеуімен өткен концерт оның көп жылдық шығармашылығының жанды көрінісіне айналды.

Майра Мұхаммедқызы
Майра Мұхаммедқызы. Фото: Астана опера

Айрықша атап өтетін нөмір — Майра Мұхамедқызының АҚШ-тағы ескі досы Теміржан Ержановпен бірге орындаған "Olieb, solang duliebenkannst" композициясы көрермендердің зор ықыласына бөленді. Майра Мұхамедқызының Жорж Бизе, Шарль Гуно және Джузеппе Вердидің операларынан арияларды тебірене орындауы оның эмоциялық тереңдігін және әртістік шеберлігін айқын көрсетті. Сондай-ақ симфониялық оркестр мен хордың сүйемелдеуімен орындалған Карл Орфтың "Кармина Бурана" шығармасының "O Fortuna" үзіндісінен кейін де көрермендер ду қол шапалақ жаудырды.

Майра Мұхаммедқызының сахнада жүргеніне 30 жылдығына арналған концерт
Майра Мұхаммедқызының сахнада жүргеніне 30 жылдығына арналған концерт. Фото: Астана опера

Майра Мұхамедқызының мансап жолы — бұл тек сахнадағы 30 жыл ғана емес, бұл өнерге деген адалдықтың 30 жылы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, көптеген сыйлықтардың лауреаты және беделді марапаттардың иегері ретінде ол бірнеше жыл бойы қазақ опера өнерін әлемдік аренада таныстырды. Ол айрықша шеберлігі, жарқын харизмасы және өз ісіне деген адалдығының арқасында Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де көрермендердің махаббаты мен ықыласына ие болды.

Майра Мұхаммедқызының сахнада жүргеніне 30 жылдығына арналған концерт
Майра Мұхаммедқызының сахнада жүргеніне 30 жылдығына арналған концерт. Фото: Астана опера

Режиссері Михаил Панджавидзе болған концертке театрдың балалар хоры, «Астана Операның» жетекші балет солистері Әнел Рүстемова, Олжас Тарланов, Диас Құрманғазы, әйгілі қазақстандық әртістер Ораз Мұхамедьяр (тенор), Жұмабек Қаңтарбаев (тенор), Айбек Қанатбек (баритон), Рамина Сатыбалды және тағы басқалары қатысты.

Салтанатты кеш "Домалақ Ана" операсынан (Т.Жармұхамет) той көрінісімен аяқталды. Осы кештің соңғы нотасы осы бірегей мәдени оқиғаның куәгері болғандардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Майра Мұхаммедқызының сахнада жүргеніне 30 жылдығына арналған концерт. Фото
Майра Мұхаммедқызының сахнада жүргеніне 30 жылдығына арналған концерт. Фото: Астана опера

Концерт соңында Майра Мұхамедқызының ерекше талантының құрметіне мемлекет басшысының атынан сахнаға раушан гүлдері салынған қоржын әкелінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2173662-astana-opera-teatrynda-opera-sahnasy-zharyq-zhuldyzynyng-mereitoilyq-keshi-otti/