Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімнен де бар": тағы бір арумен вальс билеген Нұрболат Абдуллин қызу талқыға қалды (видео)

Жарияланған күні:

Нұрболат Абдуллин бейтаныс арумен
Нұрболат Абдуллин бейтаныс арумен. Видеодан кадр: Instagram/nurbullin

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин желіде кезекті концертінен видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Өнер иесі ән кешінде тағы да бір арумен вальс билеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Нұрболат Абдуллин концерті кезінде түсірілген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда әнші өнер көрсетіп жатқанда сахнаға белгісіз ару шығып алғанын көруге болады. Шоу-бизнес жұлдызы бойжеткеннің көңілін қалдырмай, көпшілік алдында онымен вальс билеген.

"Өзімнен де бар", - деген қысқа жазба қалдырды Абдуллин.

Желі қолданушылары әр концертінде тыңдармандарымен вальс билейтін Нұрболат Абдуллинді қызу талқылады.

"Вальс билейтін көйлегін киіп, дайындалып келіпті", "1 млн теңге айыппұл кетті", "Енді концерт сайын қыздар шығып тұратын болды. Ал сіздің үйдегі тәртіп сақшыңыз айыппұлды өсіретін болды", "Сахнаға шығып алу дұрыс емес. Әнші өнер көрсету үшін келеді", "Әйелі қандай сезімде болар екен", "Әйелі, баласы бар ер адаммен вальс билеген қаншалықты дұрыс", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2173764-ozimnen-de-bar-tagy-bir-arumen-vals-bilegen-nurbolat-abdullin-qyzu-talqyga-qaldy-video/