Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәскеу, рақмет": Мөлдір Әуелбекова жазбасымен елді қызықтырып қойды

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Ресей астанасы Мәскеуде жүрген суреттерін жариялап, елді ойландырып қойды. Өнер иесі көршілес елге демалып емес, жұмыс сапарымен барғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында Мәскеуде түскен фотоларын бөлісіп, оқырмандарын қуантты. Өнер иесі Ресей еліне жұмыс сапарымен барғанын хабарлап, алдағы уақытта жаңа жобаларды іске асырмақшы екенін айтты.

"Мәскеу рақмет! Тың идеялар! Жаңа жобалар! Бұйыртса, күтіңіздер", - деп жазды әнші.

Шоу-бизнес жұлдызының жазбасы желі қолданушыларын ойландырып қойды. Қалың көпшілік оны сұрақтың астына алып, жобаларын асыға күтетінін жазды.

"Тәтті күлкіңізден айналдым. Көз тимесін. Бастамаңыз оң болсын", "Қуаныштымыз. Осылай жарқырап жүре беріңіз", "Мөлдір, сондай бақыттысыз мына суретте. Демек ойлағныңыз іске асқан ғой", "Қандай жоба екенін білуге болады ма?", "Қашан бастайсыз? Өнерге қатысты жобалар ма?", "Асыға күтеміз, жаңа хиттар, жаңа дуэттер болады деп сенеміз", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2173806-maskeu-raqmet-moldir-auelbekova-zhazbasymen-eldi-qyzyqtyryp-qoidy/