Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова Дубайдағы демалысы қалай өткенін көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде жаңа видеолар жариялап, көпшілікке Дубайдағы демалысы қалай өткенін көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Мақпал Жүнісова Біріккен Араб Әмірліктерінде барғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Өнер иесі қымбат қонақ үйлердің біріне тоқтап, Дубай қаласының әсем жерлерін аралаған.

Эстрада жұлдызы желіде асқан белсенділік танытып, оқырмандар назарына бірнеше видео ұсынды. Онда әншінің демалысы қалай өткенін көруге болады.

Мақпал Жүнісова бұл сапарға жақын достарымен бірге барған. Ол Дубайда жаңадан ашылған, қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлейтін мейрамханаға барып, иіс су сататын зауытта болған. Өнер иесі "Мақпал" деп аталатын иіс суды сатып алған.

Сондай-ақ әнші жағалауду түскен видеоларын да жариялап қойды. Онда әртістің құспен тілдесіп отырғаны көрініс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2173819-maqpal-zhunisova-dubaidagy-demalysy-qalai-otkenin-korsetti-video/