Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дауысы сыңғырлап тұр": бала күнгі видеосын жариялаған Дариға Бадықова елді таңғалдырды

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

Отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова желіде кішкентай кезіндегі видеосын жариялап, елді таңғалдырды. Желі қолданушылары оның өнеріне тәнті болып, жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда 8 жасар актрисаның сахнада ән шырқап тұрғанын көруге болады.

"Ақ сәулем" әнін орындап жатқан 8 жасар Дариға. Осы кезде ойымда дым жоқ. "Таптым-ау сені" фильмімен жанталасып жүретінімді білмедім-ау", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары актрисаның бала күнінен аса өнерлі екенін атап өтіп, оған жылы лебізін жаудырды. Көпшілік Бадықованың дауысына жоғары бағасын берді.

"Дауысыңызда қоңыр үн бар екен", "Бала күніңізден жұлдыз болыпсыз ғой", "Шашымыз бірдей болыпты. Қазір 8 жасар қыздарда мұндай шаш жоқ", "Өнерге кездейсоқ келмеген деп осыны айтады", "Дауысыңыз керемет", "Кішкентайынан әнші екен ғой Дариға ханым", "Ең бағалы көрермендердің алдында ән шырқаған екенсіз. Бас қалай ойнап тұр", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2173830-dauysy-synggyrlap-tur-bala-kungi-videosyn-zhariialagan-dariga-badyqova-eldi-tanggaldyrdy/