Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес бала күтушім бар": Баян Мақсатқызы қыздарына қалай қарайтынын айтты

Жарияланған күні:

Баян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы. Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy

Қазақстандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы жақында дүниеге келген қыздарына бар жағдайды жасап жатқанын айтты. Шоу-бизнес өкілі бүгінде перзенттеріне қарасатын 5 бала күтушісін жалдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы екі қызына қарап, жұмысына қалай үлгеріп жүргенін тұңғышы Айсәуле Бақытбекке берген сұқбатында айтты. Продюсер сәбилеріне қарайтын арнайы 5 бала күтушісі бар екенін жеткізді.

"Жолдасым қыздарымыз дүниеге келмей тұрып, бала күтушісін іздеуді бастап кетті. Белгілі бір агенттік арқылы іздеп, кездесіп жүрді. Сондай-ақ сіңлім Бағым Мақсатқызы да бұл тұрғыда көп көмектесті. Ол да барлық бала күтушімен кездесті. Он шақты күтушіні өзі іріктеп алды. Жан-жақты зерттеді. Біз төртеуін таңдадық. Әр балаға екі күтуші бар. Олар күн мен түн сияқты ауысыммен жұмыс істейді. Бірақ бізбен бірге тұратын бесінші бала күтуші бар, ол – филиппиндік", - деді Баян Алагөзова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2173914-bes-bala-kutushim-bar-baian-maqsatqyzy-qyzdaryna-qalai-qaraitynyn-aitty/