Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова тағы да балалы болуға қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: Instagram/makosyai

Отандық танымал әнші Мақпал Исаебкова желіде оқырмандары жолдаған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі отбасылық өмірі туралы сыр шертіп, тағы да балалы болуға қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен тілдесті. Желідегілердің басым көпшілігі әншіге отбасына қатысты сауалдарды жолдаған.

Олардың бірі өнер иесінен "Ажырасып кеткеніңіз рас па?" деп сұрады.

"Жоқ, бұл жалған. Әзірге тұрмыстамын", - деп жауап берді ол.

Тағы бір оқырманы "Енеңіз бала қарауға көмектеседі ма?" деген сұрақ қойды. Исабекова қысқаша "жоқ" деп жауап берді.

Сонымен қатар өнер иесі үшінші сәбиді дүниеге әкелуге қатысты пікір білдірді.

"Менің қызым үш айға енді толды. Сол себепті ондай жоспар әзірге жоқ", - деді әнші.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2174121-maqpal-isabekova-tagy-da-balaly-boluga-qatysty-oiyn-aitty/