Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келмегендер нөмірімді өшіріп тастаңдар": Айқын Төлепберген үйлену тойы алдында үндеу жасады (видео)

Жарияланған күні:

Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали
Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали. Фото: instagram.com/aikyn

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген желіде жаңа видео жариялап, үйлену тойына дайындық қалай жүріп жатқанын айтты. Өнер иесі шақырылған той қонақтарына үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген аталмыш видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әнші келіншегі Жұлдыз Өмірғалимен бірге көлікте келе жатқанын көруге болады.

Ерлі-зайыпты той алдында арықтап, жасарып кеткенін айтты. Сонымен қатар Айқын 17 қазанға жоспарланған үйлену тойына шақырылған қонақтарына үндеу жасады. Ол көпшілікке ұмытпай келуін ескертті. Ал келмей қалған жандарға нөмірін өшіріп тастауға кеңес берді.

"Қазір бір түсірілімге бара жатырмыз. Жаңа имидж, көзілдірік киіп алдым. Тәтем бар қасымда. Тәтем боянып алған, алтындарын тағып алған. Той алдында арықтап кетті. Маған қарамайды. Сегіз келі тастапты. Біз жас жұбайлар болдық. Құттықтасаңыздар болады. Бейсенбі тойымыз болады. Шақырылған қонақтар ұмытып кетпеңіздер. Тойға келмегендер нөмірімді өшіріп тастасаңыздар болады", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2174140-kelmegender-nomirimdi-oshirip-tastangdar-aiqyn-tolepbergen-uilenu-toiy-aldynda-undeu-zhasady-video/