Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Артығымен бердім": Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша ақша төлегенін айтты

Жарияланған күні:

Баян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы. Видеодан кадр: Youtube/ Aissaule Bakytbek-Kaidarova

Отандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы екі қызын дүниеге әкелген суррогат аналарға қанша ақша төлегенін ашып айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Белгілі продюсер "Көреміз" бағдарламасында қонақта болып, екі перзентінің дүниеге келуі үшін қанша қаражат жұмсағанын айтты. Баян Мақсатқызы суррогат аналарға алдымен ай сайын жалақы төлеп, босанғаннан кейін негізгі гонорарды берген.

"Маған ештеңені жасырған ұнамайды. Ашық дереккөзде барлығының бағасы тұр. Суррогат аналардың ай сайынғы жалақысы – 250-350 мың теңге арасы. Бұл баға суррогат аналардың сұрағанына қарай бекітіледі. Бірі 250 мың, екіншісі 350 мың теңге сұрады. Қалған қаржыны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін қомақты келіскен гонорарын бересің. Бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек төленеді.

Қазақстанда суррогат аналардың гонорары өте аз. Сондықтан шетелдік азаматтар да біздің елге көп келеді. Дүниеге сәби алып келетін миссия үшін ондай баға өте арзан. Суррогат аналардың гонорары 6 миллион теңгеден басталып, 10 миллион аралығында болады. Менің жағдайымда бірі алты жарым миллион теңге сұрады, екіншісі 7 жарым миллион теңге сұрады. Мен оларға артығымен бердім. Өйткені бұл сома мен үшін өте аз болды. Қос анамыз да ондайды күтпеді", - деді Алагөзова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2174209-artygymen-berdim-baian-maqsatqyzy-surrogat-analarga-qansha-aqsha-tolegenin-aitty/