Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожа танымайтын адамдардың тойына барып, тосынсый жасады (видео)

Жарияланған күні:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа күтпеген жерден тыңдармандарына тосынсый жасап, оларды таңғалдырды. Өнер иесі өзіне бейтаныс жандардың тойына барып, тегін өнер көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Әлқожа өзі танымайтын адамдардың тойына кіріп, қуаныш иелеріне ерекше тосынсый жасаған. Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында айтты. Шоу-бизнес жұлдызы думанды шараға барған сәтінен видео жариялап, оқырмандарына мән-жайды айтты.

"Кеш жарық! Қазір күн жылыда бәрі той жасап жатыр. Дос, туыс, ағайынның қуанышынан бөлек, өтініш тойлар бар. "Той думан" арнасынан хабарласып, бір тойға тосынсый болып, тегін кіре аласыз ба деп сұрады. Әрине, неге бармасқа?! Солай "Той думанның" тосынсыйы болып, танымайтын тойға кіріп бардық. Алла жақсылықтан, тойдан айырмасын", - деп жазды әнші.

Бейнежазбадан Роза Әлқожаның тосынсыйы той қонақтарын ерекше қуантқанын байқауға болады. Олар өнер иесімен суретке түсіп, оған алғысын айтып жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2174328-roza-alqozha-tanymaityn-adamdardyng-toiyna-baryp-tosynsyi-zhasady-video/