Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылағым келеді": Мейрамбек Бесбаевтың келіншегі оған жүктілігін қалай хабарлағанын көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Мейрамбек Бесбаев әйелімен
Мейрамбек Бесбаев әйелімен. Видеодан кадр: Instagram/marhabat.besbaeva

Жақында үшінші перзенті дүниеге келген Мейрамбек Бесбаевтың келіншегі оған жүктілігі туралы қалай хабарлағанын көрсетті. Эстрада жұлдызы тағы да балалы болатынын білгенде қатты қуанып, тіпті көзіне жас алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мархабат Бесбаева Instagram-дағы парақшасында әсерлі видео жариялап, оқырмандарын жылатты. Әншінің әйелі жақындарына жүктілігі туралы қалай хабарлағанын және қуанышты жаңалықты білгенде олардың қандай әсерде болғанын көрсетті.

"Ал жақындарымның реакциясын қабыл алыңыздар. Көрген сайын жылағым келеді, күшті естелік болып қалсын осы жерде", - деп жазды ол.

Мархабат Бесбаева жолдасына жаңа жыл қарсаңында сыйлық сыйлағандай кейіп танытып, көзілдірік қорабының ішіне жүктілікті анықтайтын тестті салып қойған. Мұндай тосынсыйды күтпеген Мейрамбек Бесбаев қатты қуанып, бірден келіншегін құшақтап алды.

Оған қоса өнер иесінің жары ата-аналарының да реакциясын видеоға түсіріп алған.

Желі қолданушылары да әсерлі видеодан кейін көзге еріксіз жас келгенін жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2174347-zhylagym-keledi-meirambek-besbaevtyng-kelinshegi-ogan-zhuktiligin-qalai-habarlaganyn-korsetti-video/