Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аянбай бердік": Абай Бегей қызы Сымбаттың жасауына қанша ақша жұмсағаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Абай Бегей қызымен
Абай Бегей қызымен. Фото: Instagram/abai_begei

Отандық танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбаттың жасауына қанша ақша жұмсағаны белгілі болды. 16 жасында тұрмысқа шыққан бойжеткеннің жасауы әлі күнге дейін ел арасында талқыланып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ел көкейіндегі сұраққа Сымбат Абайқызының жеңгесі жауап берді. Ол әкесі сыйлаған көлікті есептемегенде шамамен 40 млн теңгедей қаржы жұмсалғанын ашып айтты.

"Бәріне қызық болып жатқан бір сұрақ бар. Сымбаттың жасауына қатысты екен. Қызымызға әкесі-анасы, әжесі мен әпкелері болып аянбай бердік. Үйлену тойындағы сыйлаған көлікті есептемегенде 40 миллион теңгедей кетті. Өзіне ғана бұйырсын деп ең жақсысын алдық. Бастысы бақытты болсын", - деп жазды Абай Бегейдің келіні.

Сонымен қатар ол Сымбаттың қалыңмалы қанша болғанын да жария етті.

"Құдаларымызға Алла разы болсын. Ешкімнен артық та, кем де қылмай 3 миллион теңге әкелді", - деп жазды жеңгесі.

Абай Бегейдің келінінің Stories-i
Абай Бегейдің келінінің Stories-i. Скриншот: Instagram/badinur_zhalgas

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2174427-aianbai-berdik-abai-begei-qyzy-symbattyng-zhasauyna-qansha-aqsha-zhumsagany-belgili-boldy/