Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Асан Пердешовтің үшінші перзенті дүниеге келді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Асан Пердешов әйелімен
Асан Пердешов әйелімен. Фото: Instagram/asan_perdeshov

Отандық танымал әнші Асан Пердешовтің отбасында қуанышты жағдай болды. Өнер иесінің үшінші перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалықты жұлдызды әкенің өзі Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Өнер иесі ұлды болған. Келіншегі екеуі баласына Бақыт деген есім берген.

Сонымен қатар Асан Пердешов желіде видео жариялап, әйелі мен ұлын перзентханадан қалай шығарып алғанын көрсетті.

"Аллаға шүкір үшіншіміз. Ұлдың атын Бақыт деп қойдық. Барша келген қонақтарға достарға үлкен алғыс айтамын. Табан асты шығамын деп қалды ештемеге дайындалып үлгермедік көп достарыма айтып үлгермедім ренжімеңіздер. Бұның бәрі бір Алланың қалауы, елдің батасы, ата -анамыздың дұғасы деп білемін. Сіздердіңде отбасыларыңызға осындай бұйырсын", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2175309-anshi-asan-perdeshovtyng-ushinshi-perzenti-duniege-keldi-foto-video/