Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығын айтты

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/ zhazira_bairbekova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова желіде қуанышты жаңалығын жария етті. Өнер иесі 2025 жылы концерт беретінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова тыңдармандарының толассыз сұрағынан кейін Instagram-дағы парақшасында шығармашылығындағы жаңалығын бөлісуді жөн көрген. Әнші концерттерін сағынған жанкүйерлерімен 2025 жылы қауышатынын хабарлады.

Жұлдызды жұп келесі жылы тыңдармандары үшін бірнеше концерт ұйымдастыратынын жеткізді.

"Концерт қашан бересіздер?" деген сұрақтар өте көп екен. Алла қаласа 2025 жыл концерт жылы болады. Барлықтарыңызды күтеміз", - деп жазды Жазира Байырбекова.

Жазира Байырбекованың Stories-i
Жазира Байырбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhazira_bairbekova

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова желіде үндеу жасап, ішімдікті жаппай сатылымнан алып тастауды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2175336-suraq-ote-kop-zhazira-baiyrbekova-quanyshty-zhangalygyn-aitty/