Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нақты сұрақпен келдім": Жұлдыз Әбдікәрімова Түркияға не үшін барғанын айтты

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап беріп, Түркияға не үшін барғанын айтты. Өнер иесі Стамбулға денсаулық мәселесімен келгенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сырласты. Қайрат Нұртастың келіншегі Стамбулға қандай мақсатпен келгенін ашып айтты.

Өнер иесі бүгінде танымал клиникалардың бірінде жоспарлы тексеріс өтіп жатқанын жеткізді.

"Көпшілік "Стамбулға қандай мақсатпен келдіңіз? Іс-сапар ма? Әлде демалыс па?" деп сұрап жатқандар көп екен. Бәріне жауап болсын. Менде жоспарлы тексеріс. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" демейді ме? Мен тексерістің толық нұсқасын өткен жоқпын. Нақты бір сұрақпен келдім", - деп бөлісті актриса.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2175345-naqty-suraqpen-keldim-zhuldyz-abdikarimova-turkiiaga-ne-ushin-barganyn-aitty/