Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал британиялық әнші қайтыс болды

Жарияланған күні:

Лиам Пейн
Лиам Пейн. Фото: Marc Piasecki/Getty Images

Танымал британиялық әнші, One Direction тобының бұрынғы мүшесі Лиам Пейн қайтыс болды. Өнер иесі Аргентинадағы қонақ үйлердің бірінде өлі күйінде табылды, деп жергілікті билікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полицияның мәліметіне сәйкес, 31 жастағы музыкант Буэнос-Айрес қаласындағы Casa Sur қонақ үйінің үшінші қабатынан құлап кеткен. Әнші оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келгенше жан тапсырған.

"Композитор әрі гитарист, One Direction тобының бұрынғы мүшесі Лиам Джеймс Пейн Палермо ауданындағы қонақ үйдің үшінші қабатынан құлап, қайтыс болды", - делінген полицияның ресми хабарламасында.

Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, қайғылы жағдайға дейін полицияға ер адамның агрессивті әрекеті жөнінде хабарлама келіп түскен. Болжам бойынша ол ішімдік немесе есірткі қолданған.

SAME қалалық жедел жәрдем қызметінің басшысы Альберто Кресенти жергілікті телеарналарға сұқбат беріп, өнер иесінің өліміне қатысты пікір білдірді. Ол Лиам Пейннің аса ауыр жарақат алғандықтан көз жұмғанын хабарлады.

Белгілі болғандай, әнші Аргентина астанасына арнайы One Direction тобындағы әріптесі Найл Хоранның концерті үшін барған.

Аргентина билігі қазіргі уақытта тергеу жұмыстарын бастап, қайғылы жағдайдың себебін анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2175381-tanymal-britaniialyq-anshi-qaitys-boldy/