Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабақ болады": Баян Мақсатқызы сотта жеңілген журналистің кешірім сұрағанын талап етті

Жарияланған күні:

Баян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы желіде өзіне тіл тигізген журналистің сотта екі рет жеңіліп қалғанын айтты. Енді ол БАҚ өкілінің кешірім сұрағанын күтетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Баян Мақсатқызы Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Желіде маған тіл тигізген әйелге қатысты екі сотта да жеңіске жеттім. Ол адам негізсіз түрде мен жайлы қорытынды жасап, менің абыройыма нұсқан келетін сөздер айтты. Ол біреуді жерден алып, жерге салуға адами әрі кәсіби құқығы бар деп ойлаған болуы керек. Бұл жағдай көп жанға сабақ болады деп ойлаймын.

Кейбір адамдар үшін әлеуметтік желі ақпаратпен ойнайтын алаңға айналған. Сондықтан мұндай нәрселердің болуы қалыпты жағдай. Мен үшін соттасу, адвокат жалдау – уақытымды шығындайтын артық дүниелер. Ешкімнің шекарасына кірмесін. Ал сотта жеңіліп қалған адам менен кешірім сұрайды деп күтемін", - деді подюсер. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2175395-sabaq-bolady-baian-maqsatqyzy-sotta-zhengilgen-zhurnalisting-keshirim-suraganyn-talap-etti/