Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарашаның соңына дейін қайтару керек": Серік Ибрагимов кино түсіру үшін кімнен 10 млн теңге қарыз алған

Жарияланған күні:

Серік Ибрагимов
Серік Ибрагимов. Фото: instagram.com/ ibragimovserik

Отандық танымал әнші Серік Ибрагимов жақында "ЗаманBack" атты алғашқы фильмін таспалап, көрермендерге ұсынды. Өнер иесі тырнақалды туындысын түсірерде көлігін сатып қана қоймай, өнердегі досы Нұрболхан Шараповтан да қомақты қаржыны қарызға алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серік Ибрагимовтың Нұрболхан Шараповтан қарыз алғаны туралы Revue News бағдарламасынан белгілі болды.

Белгілі әзілкеш әнші досына қолдау білдіріп, 10 млн теңге берген. Алайда кинопродюсерлікке бет бұрған өнер иесі бұл қомақты қаржыны қараша айының соңына дейін қайтаруы керек.

"Қарашаның соңына дейін қойып берсе қойып берді. Қойып бермесе, сот деп отырмыз", - деп әзілдеді Шарапов.

Сонымен қатар Серік Ибрагимов кино түсірерде үлкен тәуекелге бел буғанын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2175426-qarashaga-deiin-beru-kerek-serik-ibragimov-kino-tusiru-ushin-kimnen-10-mln-tengge-qaryz-algan/