Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жездеміз краш": Айгүл Иманбаева АҚШ-та күйеуімен қалай демалып жүргенін көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева күйеуімен
Айгүл Иманбаева күйеуімен. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Америка құрама штаттарына қайта барған Айгүл Иманбаева бүгінде жолдасы екеуі қалай демалып жүргенін қалың көпшілікке көрсетті. Оқырмандар ерлі-зайыпьыға тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева Instagram желісінде асқан белсенділік танытып, АҚШ-тағы күндері қалай өтіп жатқанын бөлісті. Өнер иесі жолдасы екеуінің демалысынан үзіндіні жариялаған. Онда ерлі-зайыптының Голливудтағы даңқ аллеясында жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары жас жұбайлардың видеосына тәнті болып, оларға жылы лебізін біолдірген.

"Керемет, сондай бақыттысыз. Ұзағынан болғай", "Жездеміз краш екен", "Жарайсыздар, махаббат ешқашан кеш келмейді. Екеуі де сондай бақытты", "Бір-біріне ғашық көздерімен қарайды", "Бақытты болыңыз. Жүзіңізден осылай бақыттың ізі көрініп тұрсын", "Менің арманымдағы өмірді көрсетіп жатырсыздар", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2175506-zhezdemiz-krash-aigul-imanbaeva-aqsh-ta-kuieuimen-qalai-demalyp-zhurgenin-korsetti-video/