Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауруханаға жатып қалдым": Тұрсынбек Қабатов денсаулығы сыр бергенін айтты

Жарияланған күні:

Тұрсынбек Қабатов
Тұрсынбек Қабатов. Фото: "Елорда Инфо"

Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов осы жылға жоспарланған барлық концерттерін келер жылға ауыстырып тастады. Өнер иесінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатов сырқаттанып қалғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Өнер иесі денсаулығына байланысты осы жылы жоспарланған концерттерін келесі жылға ауыстыруға мәжбүр болғанын жеткізді.

"Ассалаумағалейкум құрметті көрермендер! Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті "45 жас" деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын! Өздеріңізді көруге асықпын", - деп жазды Қабатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2175519-auruhanaga-zhatyp-qaldym-tursynbek-qabatov-densaulygy-syr-bergenin-aitty/