"Жамылғыны жерге лақтыра салдым": Мөлдір Әуелбекованың жаңа видеосы қызу талқыға түсті
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Қалың көпшілік өнер иесінің сахнадағы әрекеттерін сынға алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мөлдір Әуелбекова аталмыш бейнжазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Видеода әншінің сахнада өнер көрсетіп, артынан жамылғысын жерге лақтыра салғанын көруге болады.
Өнер иесі бұл әрекеті үшін халық өзін талқыға салатынын біліп, оқырмандарынан бұрын өзі бірінші болып сыни пікірлерді жазып шықты.
"Бұл - фонограмма! Оған қоса тәлпіштеніп жамылғыны жерге лақтыра салдым да, сахнада ерігіп, жеңімді түріп тұрмын", - деп әзілдеп жазып қойды әнші.
Желі қолданушылары Әуелбекованың видеосына түрлі пікір қалдырды.
"Жұрт жазып қиналмасын деп, өзі бірінші жазып қойған ғой", "Білгенін істеп жатыр", "Орамалды аяқ астына тастаған", "Өзіне сыни пікірлер жазып, осындай деңгейде әзілдесу әркімнің қолынан келе бермейтін дүние", "Қатырдыңыз, Мөлдір ханым", "Дауыс, харизма деген баршылық", - деп жазды оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2177177-zhamylgyny-zherge-laqtyra-saldym-moldir-auelbekovanyng-zhanga-videosy-qyzu-talqyga-tusti/