Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқтар мен анамыз бірдей ауырды": Бейбіт Сейдуалиева күйеуінің өзіне арнаған әні жайлы жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Тоқтар мен Бейбіт
Тоқтар мен Бейбіт. Фото: instagram.com/toktar_beibit

Тоқтар Серіковтің жұбайы Бейбіт Сейдуалиева өзіне арналған "Сен маған хабарлассаңшы" әнінің шығу тарихын айтып берді. Өнер жұлдыздары шығармашылыққа қатысты Әйгерім Сейфолламен "Сырласуда" сөз қозғаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейбіт Сейдуалиеваның сөзінше, бұл ән карантин кезінде дүниеге келген. Оған ерлі-зайыптылардың бір-бірінен жырақта жүріп, байланыссыз қалғаны себеп болыпты.

"Пандемия уақытында барлық әулетке, барлық әлемге дерт келіп, қаншама отбасын ойрандатты. Жақындарын, жақсыларын, бауырларын ойып тұрып алып кетті. Сол пандемия бітті деген уақытта анамыз дүниеден кетті, артынша менің туған нағашым кетті. Анамыз сырқаттанып қалғанда Тоқтар ауылға кетіп, аяқ-қолы қақсағанын емдетуге Семейге алып барды. Сол жерде екеуі де коронавирус жұқтырып алды.

Содан екеуі ауырып, оқшауланып, ауылда қалып қойды. Біз бала-шағамен Алматыдамыз. Ол жақта байланыс жоқ. Сол сәтте анамыз бен Тоқтар екеуі бірдей ауырды. Сонда жанына қатты батқан ғой. Ол уақытта коронавирус келсе, адам өлмей кетпейтіндей көрінетін. Санамызды солай улады да, үрей пайда болды. Осылай алай-бұлай болып кетсем деп жаны қиналғанда әуен келген. Соңғы жазған әнім болсын деп, "Сен маған хабарлассаңшы" атты ән жазған", - дейді ол.

Әнші күйеуінің жаңа әнін тыңдағанда көз жасына ерік бергенін жасырған жоқ. Ол пандемияда жолдасының қадірін түсінгенін де ашық айтып отыр.

"Оны кейін келіп, орындағанда әбден жыладық. Жүрегім езіліп кетті. Күнде қасында жүрген соң бәрі жақсы, бірақ сыртта жүргенде адамдар бір-бірінің қадірін түсіне бастайды екен",- деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2177250-toqtar-men-anamyz-birdei-auyrdy-beibit-seidualieva-kuieuining-ozine-arnagan-ani-zhaily-zhan-syryn-aitty/