Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәңгілік сапарына шығарып салдым": Құрманай Бақтиярқызының тұңғышы жазбасымен елді жылатты

Жарияланған күні:

Құрманай Бақтиярқызы
Құрманай Бақтиярқызы. Фото: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy

Хит әндердің авторы, белгілі ақын Құрманай Бақтяирқызының тұңғышы Ханшайым желіде анасына жантебірентерлік жазба арнап, елді жылатты. Сазгердің қызы анасы екеуінің арман-мақсаттары көп болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Марқұм Құрманай Бақтиярқызының перзенті Instagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялады. Ол анасына деген асқан қимастығын білдіріп, басты өкінішін айтты.

"Анашым менің, жұмағым менің, Алла бере салғаным. Мәңгілік сапарына шығарып салдым. Жарқыраған күн еді, менің арқа сүйерім еді ғой. Бәрін жүректен шыққан сөздерімен жұбататын. Бүгін үйден ғұсылын алдырып, сұлу болып шыққанда қимастық сезім қатты қысты. Раббыма "алдынан жарылқашы деп" көп дұға айттым. Бар періштелер әдемі иісімен күтіп алатындай етіп шығарып салдым. Анашыммен жасалған қаншама ниетім бар еді ғой.

"Меккеге бірге барамыз анашым, сенің аяғың да, маңдайың да сәждеге тиді ғой. Енді бірге намаз оқиық, қара тасты бірге ұстап тілек айтамыз" деп едік. Анашым, махаббатым, жәннатым. Жарығым, жатқан жерің жарық, қабірің кең болсыншы! Жүрегіме иман салған жүрегіңнің иманы өзіңе серік болсыншы", - деп жазды сазгердің қызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2181668-manggilik-saparyna-shygaryp-saldym-qurmanai-baqtiairqyzynyng-tunggyshy-zhazbasymen-eldi-zhylatty/