Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мемлекеттік сатира театры керек": белгілі актер Асылбек Боранбай қазіргі әзіл-сықақ деңгейі төмен екенін айтты

Жарияланған күні:

Асылбек Боранбай
Асылбек Боранбай. Фото: instagram.com/boranbay_a

Белгілі актер Асылбек Боранбайдың айтуынша, қазіргі әзіл-сықақтың деңгейі төмен, жазатын сатирик жоқ. Бұл туралы өнер иесі "1001 түн" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Елімізге бір мемлекеттік сатира театры керек. Қазіргі әзіл-ысқақтың деңгейі төмен. Өйткені оны жазатын сатирик жоқ. Қоятын режссер жоқ", - дейді актер.

Өнер иесінің сөзінше, қазір әрбір театр жеке меншік болғаннан кейін, өздері күнін көріп отыр.

"Жеке меншік болған соң, өздері жазады, өзі ойнап, өзі қояды. Мұндай жерде сапа болмайды. Петросяннның бір театрына 500 ден астам автор жазады екен, онын таңдап алады. Біздің сатириктер 10 саусаққа де жетпейді.

Болашақта үлкен коцерт қойғымыз келеді. Оған демеуші керек. "Тамашаны" қалпына келтіруіміз керек. Соған жұмыс істейміз", - дейді Асылбек Боранбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2182089-memlekettik-satira-teatry-kerek-belgili-akter-asylbek-boranbai-qazirgi-azil-syqaq-denggeii-tomen-ekenin-aitty/