Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз азамат": Ерке Есмаханның үлкен ұлын сахнаға алып шыққан Раймға ел тәнті болды (видео)

Жарияланған күні:

Райм мен Ерке Есмахан
Райм мен Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/raimusican

Отандық танымал әнші Райм концерті кезінде тыңдармандарына бірқатар тосынсый дайындады. Ол бір сахнада келіншегі мен Мейрамбек Бесбаевпен ән салып қана қоймай, Ерке Есмаханның үлкен ұлы Муслиммен бірге өнер көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Райм "Алматы аренада" дүркіреп өткен концерті кезінде Ерке Есмаханның үлкен ұлын сахнаға алып шықты. Өнер иесі "Батысша" атты әнін шырқаса, Муслим қасында қолдау білдірі, билеп жүрді.

Бұл көрініс барша тыңдарман қауымының көңілінен шыққан. Қалың көпшілік өнер иесі мен Еркенің бірінші некеде туған ұлының өзара қарым-қатынасына тәнті болған.

"Нағыз азамат. Бірінші некеде туса да, туған ұлындай қарайды", "Муслимнің көмекші болып жүргені жүрекке жылу береді", "Ерекше сәт. Өз туған ұлындай жақсы көретіні көрініп тұр", "Өте әсерлі сәәт екен. Муслим барын салып, қолдау беріп тұр", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев Раймның өнері мен концертіне қатысты пікір білдіріп, өз бағасын берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2183099-nagyz-azamat-raim-kontserti-kezinde-erke-esmahannyng-ulken-ulyn-sahnaga-alyp-shyqty-video/