Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты ұрыспаңыздаршы": Жазира Байырбекова желіде оқырмандарына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова желіде өзіне жағымсыз пікір жазатын жандарға үндеу жасады. Өнер иесі сыни сөздерден кейін көңіл күйі қатты түсіп қалатынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында видео байланысқа шығып, өзін желіде сынайтын оқырмандарына үндеу жолдады. Әнші жағымсыз пікірлерді оқып, халық өзін жек көріп кетті деп ойлап қалған. Өнер иесі көпшілікті өзін қатты сөкпеуін сұрады.

"Әріптестеріммен түскен видеоларыма "Жазираны жек көремін. Жазираны көргім келмейді" деген пікірлерді көріп қалдым. Кәдімгідей көңіл күйім түсті. Бұрын маған әріптестерім қызығатын. "Осы саған ешкім жағымсыз пікір жазбайды, бәрі сені жақсы көреді" деп айтатын. Мен соған сеніп жүре бергенмін. Жақсы көріну үшін еш нәрсе жасаған жоқпын. Бірақ кеше желіні ақтарып, халық мені жек көріп кеткендей сезімде болдым.

Бірақ мен ойландым. Мен халыққа пайдалы еш нәрсе жасамай жатқан шығармын. Бұл мені қамшылау шығар деп ойладым. Сіздердің сөздеріңіз, жағымсыз пікірлеріңіз, мақтауларыңыз, құрметтеріңіз барлығы менің жүрегіме, көңіліме әсер етеді. Сынасаңыздар, ұрыссаңыздар мен ойлана бастаймын. Қай жерден қате жібердім, нені дұрыс істемей жатырмын? деп айланамын. Кеше кішкене көңіл күйім түсті. Маған не істесеңіздер де, қатты ұрыспаңыздаршы", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2183610-qatty-uryspangyzdarshy-zhazira-baiyrbekova-zhelide-oqyrmandaryna-undeu-zhasady/