Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аша Матайдың ағасы ата-анасынан неге бөлек шығып кеткенін айтты

Жарияланған күні:

Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым
Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым. Фото: Instagram/jarkynaijarkinai

Отандық танымал актер Айдар Асқарбек ата-анасының шаңырағынан неге бөлініп шыққанын ашып айтты. Жақында өнер иесі бұрынғы әйелі Жарқынай Ханайыммен қайта қосылған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Келіншегімен табысқан Айдар Асқарбек бүгінде өз отбасымен тұрып жатқанын мәлімдеді. Актер үлкен шаңырақтан жанұясымен бөлек шығып кетуіне не себеп болғанын түсіндірді.

"Үйдің үлкені болғаннан кейін бұны жоспарлап жүргенмін. Айырмашылығы бар. Үлкен шаңырақта тұрып жатқанда қатты ұрыса алмайсың. Сөздің шыны керек, кейде сөзді тыйып қаласың. Ал мына жақта өз ой-пікіріңді айта аласың. Өз үйіңдегідей сезінесің", - деді Аша Матайдың ағасы Revue News бағдарламасына берген сұқбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2183733-oz-uiingdegidei-sezinesing-asha-mataidyng-agasy-ata-anasynan-nege-bolek-shygyp-ketkenin-aitty/