Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғанған жоқпын": Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді

Жарияланған күні:

Дильназ Ахмадиева күйеуімен
Дильназ Ахмадиева күйеуімен. Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуіне қатысты ел көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Өнер иесі экс-жолдасын бейнебаянына неге түсіргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуі туралы Revue News бағдарламасында айтты. Шоу-бизнес жұлдызы жаңа клипіне неге дәл соны түсіргенін түсіндірді.

Түсірілім кезінде әншінің бұрынғы жолдасы басқа әйелді сүйген. Ахмадиева сол сахнаға өз септігін тигізгенін де жасырмады.

"Көрермендер соны дұрыс түсінбей қалды. Бізді қайта қосылды деп ойлап қалды. Кейін қайтадан айырылысып кетті деп ойлады. Бірақ шын мәнінде ондай ештеңе болған жоқ. Мен бар болғаны бұрынғы жолдасымды бейнебаяныма актер ретінде шақырдым. Ол басқа әйелді сүйіп жатқанында тұрған ештеңе жоқ. Біріншіден, ол – бұрынғы күйеуім, екіншіден ол – актер. Оған бәріне рұқсат болып тұр. Қызғанған жоқпын. Мен керісінше оларға дұрыс сүйісуді үйреттім", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2184314-qyzgangan-zhoqpyn-dilnaz-ahmadieva-buryngy-kuieuine-qatysty-suraqqa-zhauap-berdi/