Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осы деңгейде жүргенім жанұямның арқасы": Есен Елеукен алғаш рет отбасын көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Есен Елеукен отбасымен
Есен Елеукен отбасымен. Фото: Instagram/eseneleuken_resmi

"Жайдарманның" бұрынғы басшысы Есен Елеукен алғаш рет көпшілікке отбасын көрсетіп, желіде оларға әсерлі жазба арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Есен Елеукен келіншегі екеуі осы жылы күміс тойын тойлап жатқанын айтты. Белгілі жүргізуші бүгінде қос қызының тәрбиесі әйелінің мойында екенін алға тартты.

КВН жанашыры Instagram-дағы парақшасында жанұясының фотосын жариялап, әсерлі жазба қалдырған. Ол қазіргі жеткен деңгейі отбасының арқасы екенін ерекше атап өтті.

"Күні кеше ғана сияқты еді. Ширек ғасыр өте шығыпты. Осы деңгейде жүргенім отбасымның арқасы. Әрқашан тек қолдау көрсетіп, түсіністік танытты. Сүйікті жұмысыммен айналысуыма кедергі келтірмей, керісінше ақылшы болып, демеу берді. Қос қарлығашымның тәрбиесі осы жанның мойнында. Бар болғаныңа рақмет! Күміс тойымыз құтты болсын", - деп жазды Есен Елеукен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2184383-osy-denggeide-zhurgenim-zhanuiamnyng-arqasy-esen-eleuken-algash-ret-otbasyn-korsetti-foto/