Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова мен Дина Төлепбергеннің эфир кезінде сөзге келіп қалған видеосы тарады

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова "Астарлы ақиқат" бағдарламасының түсірілімі барысында тележүргізуші Дина Төлепбергенмен сөзге келіп қалды. Өнер иесі эфир кезінде ашуға булығып, БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Астарлы ақиқатқа" қайта оралғанын хабарлаған Дина Төлепберген Instagram-дағы парақшасында бағдарламаның анонсын жариялап, елдің қызу талқысын тудырды.

Видеода тележүргізуші Мөлдір Әуелбековамен сұқбаттасып отырғанын көруге болады. Алайда әнші бір уақытта оның сұрақтарына жауап беруден бас тартады. Ол өзіне алдын ала келісілмеген сауалдарды қойған журналиске шүйлігіп, түсірілімді тоқтатуды сұрайды.

Желі қолданушылары бұл үзіндіні қызу талқылап, эстрада жұлдызы мен тележүргізушінің жанжалдасып қалуына не себеп болғанын біле алмай әлек болды.

"Не болып жатыр? Мөлдір қатты ашуланып кетіпті", "Дина ханым, сіздікі дұрыс емес секілді", "Сұқбатқа келген соң жауап беру керек деп ойлаймын", "Қызық, енді эфирді күту керек болды", "Не болса да, бағдарлама шыққанда білерміз. Біраз Әуелбекова тым ашулы сияқты", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2184725-moldir-auelbekova-men-dina-tolepbergen-efir-kezinde-sozge-kelip-qaldy-video/