Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тіліңнен көр": актриса Дариға Бадықова оқырмандарына ескерту жасады

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: Instagram/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова желіде оқырмандарына үндеу жасап, оларды артық сөйлемеуге шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында азулы жазба жариялап, көпшілікке ескерту жасады. Актриса оқырмандарына барынша жақсы сөйлеуге тырысу керектігін айтты.

"Бәріміз кезекте тұрмыз! Келесі кімнің кезегі екені белгісіз! Сол үшін артық сөйлемеген дұрыс-ау! Ең құрғанда, баламыздың алдын кесіп сөйлемейік. Тіліңнен көр", - деген жазба қалдырды Дариға Бадықова.

Желі қолданушылары кино жұлдызының бұл сөздеріне қосылып, оған қолдау білдірді.

"Дұрыс айтылған", "Нағыз мотиватор осы кісі. Не айтса да, жүрекке жетеді", "Сізбен толықтай келісемін. Барынша жақсы ойлап, жақсы сөйлеу керек", "Жариға ханым негізі көп сөйлемейді. Сйөлесе тек орынды әрі мықты сөйлейді", "Өте жігерлі келіншек. Әр айтқан сөзі дана сөз ғой", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2184782-tilingnen-kor-aktrisa-dariga-badyqova-oqyrmandaryna-eskertu-zhasady/