Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сен үшін бәрін жасаймыз": Фариза Төреәлі бір жасқа толған қызына пәтер сыйлады (фото)

Жарияланған күні:

Фариза Төреәлі қызымен
Фариза Төреәлі қызымен. Фото: Instagram/farizatoreali

Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі бір жасқа толған қызына аса бағалы сыйлық жасады. Желі жұлдызы тұңғышына Астана қаласынан пәтер сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлінің қарындасы Instagram-дағы парақшасында қызына деген жүрекжарды тілегін жолдаған.

"1 жыл бұрын жарқ етіп дүниеге сен келдің, қызым. Сене алар емеспін, зуылдап жатқан уақыт. Аллаһымның бізге берген ең үлкен бақыты, біз ұзақ күткен бақыт! Бір жыл бұрын, дәл осы күні сағат 13:05-де дүниеге Алла қалауымен өмірге алып келдім. Сол күндердің бәрін еске алып көңілім босап отыр. Қызым, осындай махаббат барын мен тіпті білмеппін. Аналық сезімдерді сезіндірген, жүрекке ыстық лаулаған махаббатты салып қойған, сені бізге нәсіп еткен Раббымызға сансыз мадақтар. Ең бақыттылардың қатарында болуыңды, тағдырың ең көркем түрде болуын, амандығыңды әрқашан тілеп отырамыз. Бақыт деген – сен. Махаббат деген – сен. Қуаныш деген – сен. Бір жасың, құтты болсын жарығым", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Оған қоса блогер жолдасы Дархан Нортаев екеуі перзентіне ерекше сыйлық тарту еткенін хабарлады. Ерлі-зайыпты бір жасқа толған тұңғышына пәтер сыйлаған.

"Дархан екеуміздің атымыздан Даратайымызға Астана қаласынан үй сыйладық. Осы бастан болашағын ойлап, инвестиция жасауға Алла ой салды. Сен үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", - деп жазды желі жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2185086-sen-ushin-bari-zhasaimyz-fariza-toreali-bir-zhasqa-tolgan-qyzyna-pater-syilady-foto/