Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізге әлі ерте": әнші Бүркіт "Халық әртісі" атағына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Видеодан кадр: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Бүркіт неге өзіне "Халық әртісі" атағы берілмей жүргеніне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұл марапатқа ие болған Димаш Құдайберген туралы да айтып өтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүркіт белгілі журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұқбаты барысында "Халық әртісі" атағы туралы ойын айтты. Өнер иесі бүгінде бұл марапатты алу үшін қажырлы еңбек еткен жоқпын деп есептейді.

Оған қоса ол "Халық әртісі" атанған өнердегі інісі Димаш Құдайбергенге қатысты пікір білдірді.

"Димаштың әңгімесі бөлек. Бүкіл дүниежүзін аралап, концерт беріп жүрген әртіс. Керемет феномен. Сол себепті бұл жерде салыстыруға келмес. "Халық әртісін" алу бізге әлі ерте. Менің ойымша, біз әлі соншама еңбектенген жоқпыз. Әр нәрсенің өз уақыты болады. Оған мотивация жақсы болу керек. Менің де мотивациям жақсы. "Еңбек сіңірген қайраткерді" алсам да, он жылдан кейін "Халық әртісін" беріп жатса, тек қана қуанамыз. Әрине оған дейін біз жақсылап еңбектену керекпіз. Жұмыс жасап, көп әндер шығарып, халыққа қызмет етсек", - деді Бүркіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2185647-bizge-ali-erte-anshi-burkit-halyq-artisi-atagyna-qatysty-pikir-bildirdi/