Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімнің таласы болмасын": Гүлзира Айдарбекова желіде ұлына әсерлі жазба арнады

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова
Қайрат Нұртас анасымен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде Қайрат Нұртастың Шымкент қаласындағы концертінен үзінді жариялап, әсерлі жазба қалдырды. Әншінің анасы ұлының жанкүйерлеріне ерекше алғысын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова аталмыш видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда ұлы Қайрат Нұртастың өнер көрсетіп, тыңдармандардың ерекше қошеметіне бөленіп жатқанын көруге болады.

Белгілі продюсер өнер жолында перзентіне үлкен қолдау мен махаббатын білдіріп жатқан жанкүйерлеріне аналық алғысын айтты.

"Бүгін Шымқаламда ұлым Қайраттың қатысуымен ән кеші бәріңізге ұнаған сияқты. Ең үлкен бақыттың бірі, рухани байлық халықтың қошеметі мен махаббаты! Бұл көрініске еш уақытта көзім тоймайтын шығар. Алланың берген бағымен ешкімнің таласы болмасын дегендей, осы бақты көтеріп жүру парыз. Аналық жүрегіммен айтар алғысым шексіз және ризамын", - деп жазды Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2185842-eshkimning-talasy-bolmasyn-gulzira-aidarbekova-zhelide-ulyna-aserli-zhazba-arnady/