"Бәрі бітті деп ойладық": Айжан Байзақова күйеуімен арадағы келіспеушіліктер туралы айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса әрі блогер Айжан Байзақова отбасылық өмірі туралы сыр шертіп, жолдасы екеуінің арасында келіспеушіліктер болып тұратынын жасырмады. Желі жұлдызы күйеуімен арада болған үлкен жанжалды еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айжан Байзақова Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, жеке өмірі туралы айтып берді. Блогер отбасында келіспеушіліктер болып тұратынын жасырмады. Сөзінше, ұрыстан кейін жолдасы бірінші болып татуласуға ниет білдіреді.
"Мына суретке үлкен жанжалдан кейін ертесіне түстік. Сол күні ұрысқанда бәрі бітті, жолымыз екі бөлек деп ойладық. Алайда таңертең түк болмағандай бірге тауға барғанбыз. Біздің жанұяда бірінші болып Нұрбек татуласады. Ал мен ашуым мен ренішім тез тарқайтын адаммын", - деді Айжан Байзақова.
Оған қоса желі жұлдызы күйеуі балаларға қарауға жақсы көмектесетінін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2186154-bari-bitti-dep-oiladyq-aizhan-baizaqova-kuieuimen-aradagy-kelispeushilikter-turaly-aitty/