Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесін үнемі мақтап отырамын": Мөлдір Әуелбекова бала тәрбиесі туралы сыр шертті

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бала тәрбиесі тақырыбын қозғап, оған қатысты ойын айтты. Өнер иесі күйеуімен ажырасып кетсе де, оны ұлына ешқашан жамандамайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова ажырасуына баласының ешқандай қатысы жоқ екенін алға тартып, күйеуімен жолы екіге кеткен соң ұлын қалай тәрбиелеп жүргенін бөлісті.

Шоу-бизнес жұлдызы бұрынғы жолдасын түсініп, кешіруге біраз уақыт кеткенін жасырмады.

"Балаға әкесі жайлы ренжитіндей дүниелер айтпау керек. Мен балама әкесін үнемі мақтап отырамын. Ол шынымен де солай, ол – жақсы әке. Біздің арамыздағы түсініспеушіліктің балама еш қатысы жоқ. Соны түсіндіріп айтса, балалар түсінеді. Қазіргі балалар зерек, ақылды. Баланың әкесіне деген қарым-қатынасы дұрыс болу үшін алдымен анасы кешіру керек екен. Себебі әкесіне айта алмаған сөздерді балаға айтқың келіп тұрады екен. Олай миына құйып, жамандай беруге болмайды. Бала негативпен өспеу керек. Мен де оған бірден келген жоқпын. Маған да қиын болды. Оны түсіну, бұл сезімге келу, кешіру, кек сақтамау, тіл табысуға тырысу бірден болмады", - деді әнші "Din Dina Show" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2186312-akesin-unemi-maqtap-otyramyn-moldir-auelbekova-bala-tarbiesi-turaly-syr-shertti/