"Ортақ шешім": Сейфуллин Жолбарыс әйелімен ажырасып кеткенін растады
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс жеке өміріндегі өзгерісі туралы айтты. Өнер иесі келіншегі Екатерина Жолбарыспен ресми түрде ажырасып кеткенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сейфуллин Жолбарыс бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Әнші бұл ортақ шешім болғанын алға тартып, әйелі екеуі екі жыл бұрын ажырасып кеткенін айтты.
"Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз", - деген жазба қалдырды өнер иесі.
Айта кетейік, соңғы уақытта әлеуметтік желіде ерлі-зайыптының айырылысып кеткені туралы болжамдар жиі айтылып кетті.
Оған қоса, композитордың әйелі Екатерина күйеуімен түскен суреттерін жариялап, мұңды жазбалар жариялай бастады. Бұл жағдай оқырмандар күдігін одан бетер арттыра түсті. Олар Екатеринаны сұрақтың астына алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2188665-ortaq-sheshim-seifullin-zholbarys-aielimen-azhyrasyp-ketkenin-rastady/