"2 апта күттім": актер Шерхан Пірназар атын заңсыз қолданып жүргендерге ескерту жасады
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер Шерхан Пірназар әлдекімдер атын заңсыз қолданып, өз кәсібін жарнамалап жүргенін айтып шүйлікті. Өнер иесі желіде оларға үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шерхан Пірназар Instagram-дағы парақшасында видеоүндеу жариялап, атын заңсыз қолданып жүргендерге ескерту жасады. Өнер иесі олардан екі апта бойы хабар ала алмағанын жеткізді. Енді актер әрекетін жасауға кірісетінін ескертті.
"Осы білім ортадығы алаяқ болып шықты. Басшылығынан екі апта болды хабар күттім, енді 2 күннің ішінде хабарласпасаңыздар мен өз әрекетімді жасайтын боламын. Мені пайдаланып ақша табу сән болып кеткен бе? Не болып жатыр? Курс орталығын мүлдем танымайды екенмін. Қойсаңыздаршы", - деді Шерхан Пірназар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2189243-2-apta-kuttim-akter-sherhan-pirnazar-atyn-zangsyz-qoldanyp-zhurgenderge-eskertu-zhasady/