"Арамызда 20 жыл бала болмады": Майра Мұхамедқызы отбасылық өмірі туралы жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Қазақстанның Халық әртісі Майра Мұхамедқызы алғаш рет отбасы туралы сыр шертіп, басынан өткен қиын кезең туралы айтты. Өнер иесі жолдасы екеуі тұңғышын 20 жыл күткенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ
Майра Мұхамедқызы жеке өміріне қатысты жан сырын Дана Нұржігітке берген сұқбатында ақтарды.
Опера әншісі ұзақ уақыт балалы бола алмай, тіпті жолдасына басқа әйел алуға рұқсатын берген. Алайда отағасы бұл ұсыныстан бас тартып, өнер иесінің қасында қалуға уәде берген. Нәтижесінде 20 жылдан кейін Майра Мұхамедқызы жолдасына қыз бала сыйлаған.
"Менің жолдасым өте парасатты адам. Жүрегі кең, тап-таза. Біздің арамызда 20 жыл бала болмады. Сол кезде мен оған "өліп кетсем де бала туып беремін. Әйел ретінде саған қарызбын" дедім. Егер бала туа алмасам, басқа әйел алуға рұқсат етемін дедім. Махаббатымды қиямын дедім. Бірақ ол кісі көнбеді. "Өмірдің мән-мақсаты бала екенін түсінемін, бірақ біздің арамызда махаббат бар" деді. Баланы беру Алланың қолында екенін айтып, мәңгі менімен қалуға уәде берді. Сен мені тастамасаң, мен сені тастамаймын деді. Мен уәдемде тұрып қызды дүниеге әкелдім", - деді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2189553-aramyzda-20-zhyl-bala-bolmady-maira-muhamedqyzy-otbasylyq-omiri-turaly-zhan-syryn-aqtardy/