Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менде жүрек жоқ деп ойлайды": Ерке Есмахан желіде оқырмандарына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманға жауап беріп, көпшілікке ескерту жасады. Өнер иесі мұндай ауыр сөздерді сабырлықпен жеңгенімен, бәрібір көңіліне тиетінін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Ерке Есмахан аса жағымсыз пікір қалдырған оқырманын Instagram-дағы парақшасында қалың көпшілікке көрсетті. Әнші өзіне қатысты негативті сабырлықпен қабылдауға тырысса да, іштей суып, тынып жүретінін айтты.

"Ұйықтар алдында әлеуметтік желіні қарап отырып, бір видеодан өзім туралы мынандай пікірді оқып қалдым. Кім түсіндіріп бере алады маған? Не мағына береді? Ең әдемі қазақ қызы міне. Жақсы-ақ адам сияқты. Өзі ғана сондай ма екен? Әлде құрбылары да сондай ма екен? Қысқасы, сөз жоқ. Тек сіздермен бөлісіп қояйын дегенмін ғой. Неше түрлі адам болады. Біліп жүріңіздер.

Менде жүрек жоқ деп ойлап, сонша мені көре алмай, ішіндегі уларын шашып, лас сөздерді айтатын адамдарды Аллаға тапсырдым. Әр қиындықты, ауыр сөзді, мазақты күліп қарсы алып,сабырлықпен жеңгеніммен іштей суып, тынып жүретінімді біле жүріңіздер", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2189913-mende-zhurek-zhoq-dep-oilaidy-erke-esmahan-zhelide-oqyrmandaryna-undeu-zhasady/