Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойдың жарты ақшасы": Дархан Жолшыбеков кешін жүргізгені үшін Нұрлан Сабуровке қанша төлеген

Жарияланған күні:

Дархан Жолшыбеков әйелі мен Нұрлан Сабуровпен
Дархан Жолшыбеков әйелі мен Нұрлан Сабуровпен. Фото: Instagram/daricorn.rr

Жақында әйеліне 150 млн теңгенің көлігін сыйлап, елді шулатқан блогер Дархан Жолшыбеков мұнымен тоқтамай, келіншегінің туған күнін дүркіретіп өткізді. Кеш қонақтары бұл жылдың ең үздік туған күні болғанын жарыса айтып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дархан Жолшыбеков әйелі Дариға Нүркееваның 26 жасын аса ерекше "White Party" стилінде өткізген. Кеш қонақтары аталмыш шараға тек ақ түсті дресс-кодты ұстанып келу керек болған.

Ерлі-зайыпты бұл қуанышын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткізген. Revue News ақпаратынша, Daricorn туған күнін ұйымдастыру үшін 60 млн теңге жұмсаған.

Дүбірлі кеште бірқатар өнер иесі бой көрсетті. Туған күн иесі үшін арнайы Мейрамбек Бесбаев, Ғазизхан Шекербеков, Мадина Сәдуақасова, рэп орындаушы Shiza және Sadraddin өнер көрсеткен.

Ең қызығы, туған күн тізгіні белгілі қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровте болған. Дархан Жолышбеков оны Дубайда демалып жатқан жерінен шақыртып алғанын жеткізді. Сөзінше, кешті жүргізу үшін әзілкешке қомақты қаржы төлеген.

"Дари қыз ғой. Оған мүмкіншілік болып жатса жыл сайын туған күнін жасап беру – еркектік парызым деп білемін. Өзім туған күнімді жасамайды екенмін. Нұрланға қатысты ашығын айтқанда тез шешіліп кетті. Бұлай жасаймын деп ойлаған жоқпын. Солай болып қалды өзі. Ол кісі нақты соманы айтпауды өтінді. Шамамен, осы тойдың жартысы ғой", - деді Жолшыбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2189946-toidyng-zhartysy-darhan-zholshybekov-keshin-zhurgizgeni-ushin-nurlan-saburovke-qansha-aqsha-tolegen/